1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

МӘМС жүйесінде медициналық көмектің жекелеген түрлерін тұтыну осы жылдың екінші тоқсанында орташа есеппен 40%-ға дейін қысқарады.

Бұл туралы Медициналық сақтандыру қоры басқармасының төрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлімдеді.

«Қабылданған шектеу іс-шаралары – төтенше жағдай, карантин және дәрігерлердің өзін-өзі бақылау бойынша ұсынымдары салдарынан сәуір айында медициналық көмектің жекелеген түрлерінің 50% - ға төмендегенін көріп отырмыз. Мамыр айында 40% – ға және маусым айында 30% - ға кему күтілуде. Яғни екінші тоқсан бойынша шамамен баға – орташа есеппен 40%-ға дейін қысқарады», – деді.

Бірінші кезекте жоспарлы медициналық көмек – жоғары технологиялық медициналық қызметтерді, консультациялық-диагностикалық қызметтерді, медициналық оңалтуды және қалпына келтіру емін қоса алғанда, стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмектің төмендеуі болжануда.

«Біздің болжамымыз бойынша, медициналық қызметтерді тұтыну көлемі екінші жартыжылдықта инфляцияны өтеу үшін медициналық ұйымдарға қызмет көрсету тарифтерін арттыру есебінен қалпына келтіріледі деп күтеміз», - деді Айбатыр Жұмағұлов. (Ескерт. – бұл жерде Қор ауруханалар мен емханаларға көрсетілетін медициналық қызметтер үшін төлейтін тарифтер айтылған, ол халыққа әсер етпейді).

Естеріңізге сала кетейік, 22 мамырда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жанындағы Қоғамдық кеңестің кезектен тыс онлайн-отырысы өтті. Қоғамдық кеңестің құрамына денсаулық сақтау саласының сарапшылары Мақсұт Құлжанов, Абай Байгенжин, Юрий Пя, Нұрлан Батпенов, Серік Ақшолақов, сондай-ақ саясаттанушылар, экономистер, қоғамдық пікір көшбасшылары және журналистер Айдос Сарым, Игорь Шахнович, Игорь Неволин, Расул Рысмамбетов, Расул Жұмалы, Марат Қайырбеков, Андрей Чеботарев және басқалар кірді.

26.05.2020
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу